Текст
16 қаңтарда #6 МЛ Көкшетау қаласының ТЖ басқармасы курсанттары 11 және 9 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді, оқушыларды Көкшетау техникалық институтында оқыту бағдарламасымен таныстырды. Сондай-ақ оқушылармен үйде және қоғамдық орындарда өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық өткізілді. Әңгімені курсанттар: Е. Б. Жаманбаев, А. Е. Сұлтанбек , А. А. Ғазиз жүргізді.