ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫН МЕРЕКЕЛЕУГЕ АРНАЛҒАН КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ №6 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ "БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ" АТТЫ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДЫҢ ПӘН АПТАЛЫҒЫ
МАҚСАТЫ: құзыреттілік тәсілді меңгеру арқылы күшті, шығармашыл, патриоттық тұлғаны оқыту мен тәрбиелеуде бастауыш сынып оқушыларының білім беру сапасын жетілдіру.
ПРИНЦИПІ: әр бала аптадағы барлық іс-шаралардың белсенді қатысушысы
2020-2021 оқу ж. 12 сәуірінде №6 МЛ бастауыш сыныптар апталығының ашылуы өтті. Пандемияға байланысты, әр сынып жеке өз кабинетінде апталықтың ашылуына байланысты іс-шара өткізді. Сонымен қатар, оқушылар апталықтың жоспарымен таныстырылды. Апталықтың бірінші күнінен бастап 1-4 сынып оқушыларының арасында ,,Әлем балалардың көзімен" шығармашылық жұмыстар көрмесі ұйымдастырылды. Мектеп кітапханасында "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!" - кітап көрмесі ашылды.