"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ  "№ 6 МЕКТЕП-ЛИЕЙІ"  КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ.
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ " ШКОЛА-ЛИЦЕЙ  № 6  ГОРОДА КОКШЕТАУ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Математика сабақтарында оқыту үдерісін жекешелендіруді арттыру мақсатында цифрлық технологияларды қолдану»

25.04.2025

Математика

2025 жылғы 17 сәуірде №6 мектеп-лицейінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының курс тыңдаушыларымен «Математика сабақтарында оқыту үдерісін жекешелендіруді арттыру мақсатында цифрлық технологияларды қолдану» тақырыбында көшпелі-тәжірибелік сабақ өткізілді.
КТС аясында (математика пәні мұғалімдері: Урумбаева М.М., Жанибекова А.З., Морец А.С., Досметова Д.А., Ким Г.К.) бес ашық сабақ өткізді. Сонымен қатар, А.З. Жанибекова және Ж.К. Тансыкбаева сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шара барысында «Зерде – 2025» республикалық ғылыми жобалар байқауының жүлдегері, 7 «А» сынып оқушысы Потапченко Максим өзі әзірлеген сайтты таныстырды. Ғылыми жетекшісі – математика пәні мұғалімі, педагог-эксперт Урумбаева Мунира Масалимовна.
Рефлексия және кері байланыс нәтижесінде КТС туралы жағымды пікірлер айтылып, тыңдаушылар тарапынан жоғары баға алды. Аталған іс-шараға қатысқан «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмола облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы, курс тренері Б.К. Дигенова өз алғысын білдіріп, ұйымдастырушылардың жұмысына оң бағасын берді.

Просмотров: 301


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст