Текст
24 сәуір күні №6 мектеп-лицейі базасында Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы тыңдаушыларымен «Математика сабақтарында оқу процесін жекелендіруді арттыру үшін цифрлық технологияларды қолдану» тақырыбында көшпелі тәжірибелік сабақ өткізілді.
Көшпелі тәжірибелік сабақ аясында математика пәні мұғалімдері Батырова М.Е., Кошанов А.Б., Здуалиев Р.К., Тансықбаева Ж.К. тәжірибелік сабақ өткізді.
Рефлексия және кері байланыс барысында бұл іс-шара туралы курс тренері, Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының аға оқытушысы Б.К. Дигенова тарапынан оң пікірлер айтылды.