"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ  "№ 6 МЕКТЕП-ЛИЕЙІ"  КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ.
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ " ШКОЛА-ЛИЦЕЙ  № 6  ГОРОДА КОКШЕТАУ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көкшетау қаласының №6 мектеп-лицейінде 2021 ж. 17 қарашада «Ақмола облысының киелі жерлер географиясы» тақырыбында іс-шара өтті

22.11.2021

Мақсаты: ұлттық тарихи-мәдени мұраны, аймақтың киелі объектілерін алға қарай жылжыту идеяларын көпшілікке танымал ету, тұрғындар мен жастар арасында туған өлкенің тарихына қатысты білімдері үшін түсіндіру жұмысын жүргізу

        Аталған іс-шараны тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының қызметкерлері,география пәнінің мұғалімдері Тасымова С.Е. және Нурмаганбетова А.А. өткізді.Одан басқа 9-11 сынып оқушылары да белсене қатысты.Орталық қызметкелері жалпыұлттық маңызы бар Ақмола облысының киелі жерлерімен таныстырып, облыс аумағындағы тарихи орындардың маңыздылығы мен танымалдылығын жеткізді.Нурмаганбетова А.А. 11-сынып оқушыларымен туған өлкеміздің Уәли хан мазары,ханның қызыл ағашы,Жәнібек-Шалқар кесенесі,Ақ Еділ Қожа мазары,Ботағай кесенесі,Алыптомар,Беспақыр,Қаныкей мазарлары және Кенесары үңгірімен таныстырды.Тасымова С.Е.8-9 сынып оқушыларымен Абылай хан ескерткіші мен Науан Хазрет мешіті туралы көптеген қызықты деректер айтты.Іс-шара соңында орталық қызметкерлері мектеп кітапханасына  керемет кітаптар сыйлыққа тартты.

 

 

 

 

 

Просмотров: 393


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст