Текст
13 қаңтарда #6 МЛ қоғамдық тыңдаулар өтті.
Шара барысында мектеп директоры Әбдіқасымова Г.Ж. 2022 жылдың төртінші тоқсанында бюджет қаражатының жұмсалуы туралы есеп берді . Жиын барысында мектеп формасына толықтырулар енгізу мәселелері талқыланды. Ағымдағы оқу жылының бірінші жартыжылдығында өткен түрлі олимпиадалар, байқаулар мен жарыстың жеңімпаздары атанған жүзден астам оқушылардың ата-аналары мектеп әкімшілігінің грамоталарымен марапатталды. Шара соңында музыка пәні мұғалімі Есімов Е.М. ата-аналарға Отан мен отбасы туралы екі тамаша әнді сыйлыққа тарту етті