Орыс тілде оқытылатын мектептердегі
3 -сыныптың қазақ тілі оқулығы
бойынша сараптама.
Оқулықтың баспасы: «Алматы кітап» - 2017 ж.
Оқулықтың авторы: Казбекова А.Х.; Бейсанов Н.Е.; Жаксыбекова Е.Ж.
1.Оқулықтың бірінші бөлімі. ( 4тақырыптан құралған)
2. № 1 жұмыс дәптері.
3. № 3 Жиынтық бағалауға арналған тапсырма.
Оқу бағдарламасы 4 тілдік дағдыны қамтиды: тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым. Бағдарламаға сәйкес оқулықтағы тапсырмалар тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым бойынша жүйеленіп берілген. Оқулықта тақырыпқа байланысты шағын диалог/монологтің мазмұнын түсіну, күнделікті өмірде жиі қолданылатын сұхбаттарды пікірлесуді түсініп қолдану; қойылған сұрақтарға
жауап беру тапсырмалары берілген.
Күнделікті сабақта пікір айту, жағдаяттарды талдау, таныс атауларды, сөздерді оқып, түсіну, үлгі бойынша тапсырмаларды орындау
ұсынылған. Мәтіндегі негізгі ойды анықтау, сюжетті суреттерге тақырып қою, тірек сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын
болжап, сұрақтар мен жоспар бойынша мазмұнын жазу, дұрыс құрылмаған мәтінді түзеп, қайта жазу тапсырмалары қамтылған.
Тақырыпқа қатысты лексикалық минимум, жиі қолданылатын сөздер, бейтарап сөздер,репликалар, қаратпа сөздер, антонимдер мәтіннің барысында кездеседі. Оқулықта ауызша және жазбаша тілдегі біріккен сөздер мен қос сөздер,
деректі/дерексіз зат есімдер, шығыс, көмектес септіктері, заттың қасиеттерін, сапасын білдіретін сөздер, болжалдық сан есімдер, өздік,
жалпылау есімдіктері, көмекші етістіктер, етістіктің шақтары, тұйық етістік, жалғаулық шылаулар, сөз тіркестері, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін меңгеруге байланысты грамматикалық тапсырмалары берілген.
Сонымен қатар оқулықта кездескен кемшіліктерде жеткілікті: 15-беттегі 6- тапсырмада сөздің тәуелденуінде жалғаулары дұрыс жазылмаған. 16 – тақырып, 34 -бетте «Балалардың көмегі тақырыбы» бойынша сұрақ – жауап сөзінің орнына жолдан өту деген сөзінің орнына
аудармасы берілсе жақсы болар еді. Балаларға өздігінен жұмыс істеуге көмек болар еді.
37-бет 5-тапсырма. Ребусты шеш тапсырмасында «Достық» сөзі шығу керек, бірақ соңғы
балық суретінде «л» әріпі артық белгіленіп тұр «достлық». 25 – сабақ 52 – бетте «Сенбіде мен кино бардым»
деген сөзінде (ға) қосымшасы жалғанбаған, ал жұмыс дәптерінде 37 -беттінде жұма (де) күні тақырыбында қосымшаның
қажеті жоқ. 70 – бет. (Қалтасағат) Қалта сағат, (қолсағат) қол сағат ережесіне сай жазылмаған, құмсағаттың жазылуы екі түрде берілген. 41 – сабақ 82- бет. Мәтін оқушының жас ерекшеліне сай емес (2-3 тапсырма) ол қалада тұрмағандықтан 84 – беттегі 3- тапсырмадағы Алмабек қайда келді? – деген сұраққа жауап беру оқушыға қиындық туғызады.
90-91 беттердегі екі тақырып («Сабыржанның әңгімесі»), («Мемориалдық кешен» 92-93 бет) тақырыптары басқа пәндермен байланысы болса тапсырманы орындау оқушыға қиындық туғызбайды, егерде байланысы болмаса оқушының орындауына күрделі болады.
96-97 беттегі модульдің тақырыбы «Аспалы көмір» деп берілген дұрысы «Аспалы көпір»
Оқулық өте тартымды,тапсырмалары қызықты, жағдаяттармен түрлендіріліп берілген, әрі түрлі суреттермен безендірілген.Барлық тапсырмалар оқушылар зейінін ұшқыр етуге және дамытуға бағытталған. Оқулық қазақ тіліне деген сүйіспеншіліктің қалыптасуына ықпал етеді. Оқулықты сараптаған Көкшетау қаласындағы №6 ОМ-Л қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері: Кенебаева Ш.Ғ. Бектурганова Г.А. Жамишева А.А.