"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ  "№ 6 МЕКТЕП-ЛИЕЙІ"  КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ.
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ " ШКОЛА-ЛИЦЕЙ  № 6  ГОРОДА КОКШЕТАУ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

13.06.2017

№6 орта мектеп-лицейі жанындағы

"Солнышко" алаңындағы

 жұмысының есебі

5 маусым күні сап түзеуден басталды. Балалар күннің тәртібімен танысты. Бүгін лагерьде 210 бала жиналды. Содан кейін отрядтар көңілді әуенмен жаттығулар жасады. Жаттығу көңілді флеш-мобпен аяқталды.

         Сағат 10.30  отрядтар үйірме жұмыстарына барды. Онда олар тігу, сурет салу, таза ауада ойын ойнау

және ағылшын тілі сабақтарына қатысты.  

Сағат 12.00-де 20 бала 2 отрядтан «Бурабай» бассейніне, ал сағат 13.00-де  9 отрядтан 20 бала «Бодрость» бассейніне барды.

         Сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін асханаға барып, тәтті тағамдармен күш алды. Асханада олар үшін: дәруменді салат, дәмді сорпа, картоппен ет қосылған тағам және тәтті шай күтіп тұрды.

Күш жинаған балалар «Әнші балапан» атты музыкалық  іс-шараға қатысып, әрбір отряд өздерінің

шығармашылығымен, бірлігімен ерекшелене білді.

Күннің соңында балалар сап түзеуде өз отрядтарының аты мен ұранын атап шықты. Сонымен қатар балалар ертеңгі күннің жоспарымен танысты. Күніміз өте көңілді және қызықты өтті.

Просмотров: 865


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст