№6 орта мектеп-лицейі жанындағы
"Солнышко" алаңының жұмыс есебі
Жазғы мектеп жанындағы "Солнышко" лагерінде 2 маусым күні 228 бала демалды.
Лагерь дене тәрбиесі жетекшілерімен музыка әуенімен жаттығулар жасаумен басталды. Жаттығулардан кейін сап түзеуде аға тәлімгер әр отрядтың атын, ұранын сұрап, күн тәртібімен таныстырды. Сап түзеуден кейін барлық
балалар өз отрядтарында тәрбиешілерінің жетекшілігімен «шебер қолдар», «әгугай», «шахматенок» үйірмелеріне қатысты.
Бүгінгі күні қазақ драм театрына 194 бала барып, қойылымнан ерекше әсер алып шықты. Ал, кейбір отрядтардың тәрбиешілері мен дене тәрбиесі жетекшілері СК «Бурабай» бассейніне 14 бала, «Бодрость» бассейніне 7
баланы қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып алып барды. Бассейіннен балалардың көңіл күйлері көтеріңкі болып келді.
Сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін түскі ас уақыты болды. Түскі астың дәмді болғанына балалар өз ризашылығын өлең жолдары арқылы білдіре
білді.
Сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін «Қазақстанның мемелекеттік рәміздері күніне» орай іс – шара өтті. Іс – шара «Мемлекеттік рәміздер – менің мақтанышым!» тақырыбында жоғары деңгейде өтті. Балалар ең алдымен әнұранды
орындап, «Отан» тақырыбында тақпақтар айтып, патриоттық сезімді оятатын әндерді шырқап, мемелекетіміздің рәміздері бойынша түрлі сұрақтарға жарыса жауап беріп, белсенді қатысып, қызығушылықтары оянды. Іс-шараның аяқталуы барысында отрядтар мадақтамалармен номинациялар бойынша марапатталды.