"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ  "№ 6 МЕКТЕП-ЛИЕЙІ"  КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ.
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ " ШКОЛА-ЛИЦЕЙ  № 6  ГОРОДА КОКШЕТАУ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

12.06.2017

№6 орта мектеп-лицейі жанындағы

"Солнышко" алаңындағы

 1 маусым жұмысының есебі

         Жазғы мектеп жанындағы "Солнышко" лагері өз жұмысын 2017ж. 1 маусымынан бастады. Мектеп

алаңында бұл күні 274 бала демалды.

         Барлық іс-шаралар алдын-ала бекітілген жоспар бойынша өтті. Қызықты іс-шаралар арқылы балалар белсенділік танытты.

         Мерекелік сап түзеу "Сәлем, Солнышко!" атауымен өтті. Жауапты аға тәлімгерлер  - Аманжолова А.П. және Баткалова А.Ж. Концерттік бағдарламада 1 және 2,5 сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетті.

Іс-шара екі тілде жүргізілді. Сап түзеу мемлекеттік гимнмен басталды. "Ақтілек", "Лето", "Алтын өмір-ай",

"Пчелочка златая", "Мен қазақтың баласымын" әндері шырқалды. Балалар өлең шұмақтарын  оқып

және жаз мезгіліне байланысты жұмбақтар шешті. Мерекелік сап түзеу тәжірибе жинақтаушы колледж студенттерінің көмегімен көңілді флеш-мобпен аяқталды.

         Сағат 11.00 балалар өз отрядтарына барған соң, тәрбиешілер оларды қауіпсіздік ережелерімен таныстырды және

"Сәлем, бұл мен!" танысу ойындарын өткізді. 

         Сағат 12.00 балалар лагерь алаңына шықты, онда оларды дене тәрбиесі жетекшілері, ұлттық (асық, арқан тарту) және қозғалмалы (көңілді жарыстар) ойындарымен 

күтті.   Кіші жастағы балалар асфальтта сурет салу байқауына қатысты. Ерекшеленген отрядтардың бірі - 6

отряд. Олар "Бақытты балалық шақ" тақырыбында өте әдемі суреттер сала білді.

         Мерекелік күн сап түзеумен аяқталды. Балалар өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар қорытынды бойынша ертенгі жоспармен танысты.

"Мен қазақтың баласымын" әні                                Флеш-моб

                                                                                                 

Мемлекеттік гимннің орндалуы      

    

      "Ақтілек" әні               "Пчелочка златая" әні

 

 

 

Просмотров: 549


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст