28 сәуір күні «Жас Ұлан» қатарына оқушыларды қабылдауға арналған салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты іс-шарада №6 орта мектеп-лицейінің, №4 орта мектеп, гуманитарлық- техникалық лицей оқушыларын ең алғаш рет бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына үздік және мектеп белсенділері қабылданды. «Жас Ұлан» қабылдау рәсімінде оқушыларға құттықтау сөзді №6 ОМЛ директорының міндетін атқарушы Жиенбаева
М.К және мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Жолдыкова Л.К, Наумова А.В. Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы «Жас Ұлан» қатарына № 6 ОМЛ- 13 оқушы, ГТЛ -5 оқушы, № 4 ОМ- 13 оқушы
қабылданды. «Жас Қыран» қатарына № 6 ОМЛ- 7 оқушы, № 4 ОМ- 11 оқушы. «Жас Ұлан»
және «Жас Қыран» оқушылары ант қабылдағаннан кейін, Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара жалғастырылды. Жүргізушілеріміз бізге бақыт пен өркендеу,біздің көп ұлтты халқымызға бейбітшілік пен келісім
тіледі.