2017 жылдың 21 сәуір күні «№6 орта мектеп- лицейінде» КММ «Оқушының жетістігіне бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді оқыту мен тәрбиелеуде тиімді пайдалану» атты тақырыпта облыстық семинар өтті. Семинарға деңгейлік курстан
өткен № 4 ОМ; №21 ОМ; №22ОМ; ОМДБ арналған №3 мектеп-интернаты , М. Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытылатын кәсіби МГ; ПШО, №1 Щучье мектеп-гимназиясы, ҚТЛ, ГТЛ мұғалімдері мен координаторларының қатысуымен өтті. Семинардың мақсаты : оқыту мен тәрбиелеуде оқушының жетістігіне жету бойынша іс- тәжірибемен алмасу. №6 ОМ-Л директоры Самбаева А.К. сәттілік тілеумен іс-шараны ашты. Сонынан мектепте атқарылған іс-шара бойынша барысында мектеп кординаторлары: Макишева А.А., Кайдарова А.Т.,
Черпакова Г.В. сөз сөйледі. Іс- шараның барысында тірек мектепте жүргізілген жұмыстар бойынша өз тәжірибелері-мен бөлісті. №6 ОМ-Л мұғалімдерінің кіріктірілген сабақтарына қатысып, өз ойларымен бөлісті. Сабақтар :2 Ә (қаз.тілі.+ орыс тілі.+ағыл. тілі.- мұғалімі: Катаева А.А., Аубакирова Б.О.), 4Е (әдеб оқыту+ өзін-өзі тану- мұғалімі: Жунусова Г.С.,Байгарина А.Б..), 6Ә (орыс тілі +қаз.тілі.+ағыл. тілі- мұғалімі:Кызырова Д.Б.+ Тиштенова А.К..), 8Б (биолог.+ информ. көптілді меңгеру элем. қолданды- мұғалімі: Василинчук И.С., Гартунг С.А.), шеберлік сыныптарды деңгейлік курстан өткен мұғалім мен тренерлер өткізді (АманжоловаА.П.,Кадырова Л.С., Наумова А.В.), мектеп психологінің Бекахметова Ж.Ж., тренингіне қатысты; соңынан «Ашық микрофон » әдісі арқылы семинардың өтілі бойынша кері байланысжасады.