«Қамқорлық» акциясы
10.01.2018ж мектепте «Қамқорлық» «Забота» республикалық акциясы бойынша әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету мақсатында, гуманитарлық көмек тарату және жинау бойынша бөлім жұмыс істейді. Жалпы біліммен қамту қорынан 565000 теңге көлемінде киім және кеңсе тауарлары сатып алынды. Бұл ақшаға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және аз қамтылған отбасы балалары киінді.
Акция барысында мектеп ата-аналарының гуманитарлық көмек жинау бөлімінде аз қамтылған отбасы балаларына таратылған киімдер жиналды: мектеп блузкалары, көйлектер, юбкалар, аяқ киімдер, сыртқы киімдер, спорттық костюмдер.
6 «В» сынып оқушысы Нургожина Динарының уйіне гуманитарлық көмек көрсетілді
Жалпы біліммен қамту бойынша оқу ісінің меңгерушісі Бекешова Р.С.
Әлеуметтік педагог Айдарова Ф.И.